Астанаға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын "Этноауыл" көрмесіне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мәртебелі меймандар төл тарихымызды танытатын, соның ішінде ұлтымыздың киім үлгілері, қолөнері, әдет-ғұрпы мен саятшылық дәстүрі, музыкалық аспаптары, кескіндемесі және халық ойындары көрсетілген бірнеше тақырыптық аймақты тамашалады. Экспозицияның әр бөлігі дала өркениетінің ерекшеліктерін паш етеді.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам "Этноауылда" cәбидің тұсауын кесіп, оның өмірлік жолы ашық болуына тілектестік білдірді. 

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі