Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, бүгін Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы №10 мектеп-гимназиясында вандализм және қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмысты күшейту бойынша мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылды.

Қоғамдық тәртіпті насихаттауға арналған кездесулер елорданың әрбір ауданында орналасқан мектептерде ұйымдастырылады.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы даладағы, көшедегі вандализм, кейбір азаматтарымыздың тәртіпсіздігі, мәдениетсіздігі, неше түрлі тұрмыстық жанжалдар еліміздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіретініне баса назар аударды. Мемлекет басшысының аталған Жолдауы аясында биыл елорда да вандализммен күрес жұмысы күшейтілді.


Оқи отырыңыз: "Тастағы сурет үстіне өз есімін қашайды". Аққайнардағы таңбалы тастарға жойылу қаупі төніп тұр


№10 мектеп-гимназиясында өткен кездесуге "Қара шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің директоры, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, тарихшы, этнолог Тұрар Саттарқызы, Байқоңыр ауданы әкімінің кеңесшісі Дәурен Ыдырыс және аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында мектеп оқушыларына вандализм оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.