Педагогтердің білімін бағалау мерзімі 25 сәуірге дейін дейін ұзартылды, деп хабарлады ҰТО баспасөз қызметі

"Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында жұмыс істеп жатқан педагогтерге 2023 жылғы 25 сәуірге дейін тестілеуге қосымша орындар ашылғанын хабарлаймыз. Барлық бос орын тіркелу сайтында ұсынылған. Келесі педагогтердің білімін бағалау мерзімі шілде айында жоспарланған", – деп жазылған хабарламада.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі педагогтердің тестілеу мерзімін 15-16, 22-23 сәуір (демалыс) күндерін қоса алғанда 25 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Бұл өзгеріс тесілеуге қатысуға өтініш берген үміткерлердің көп болуына байланысты енгізіліп отыр. 


Оқи отырыңыз: Мұғалімдер білім бағалау тестін қалай тапсырады? Маңызды 10 сұраққа жауап


Сонымен қатар, тестілеуден өту кезінде жеткілікті балл жинамаған педагогтер 2023 жылғы 6-19 шілде аралығында қайта тапсыра алады. Педагогтерді аттестаттау қағидаларының 88-бабына сәйкес педагогтер тестілеуден күнтізбелік жыл ішінде екі рет ақысыз өте алады.

ҰТО жазбасында бірнеше педагог тестілеуге тіркеле алмай жатқанын жазған. ҰТО баспасөз қызметі Информбюро тілшісіне сайтта ешқандай ақау болып жатпағанын, тестілеуге қатысушылар санының көптігінен орындар тез бітіп қалып жатқанын айтып түсіндірді. 

Осыған дейін біз педагогтердің білімін бағалау 3-22 сәуір аралығында өтетінін жазған едік.