Алматы қаласы оқушыларының жаңа оқу жылында қалай білім алатыны белгілі болды, деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бір оқушыдан Covid-19 табылса, онда сынып толығымен онлайн форматқа көшеді. Ал Covid-19 оқушылар мен ұстаздардың 20%-ында табылса, онда мектепті толығымен жабады.

Сондай-ақ, көптеген ата-ана созылмалы ауруы бар балаларын онлайн оқуға көшіруді сұрап отыр. Қаланың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға сәйкес мұны қалай жасауға болатынын түсіндірді.

"Үйден білім алу үшін балада созылмалы ауруы бар екені туралы медициналық құжат болуы керек. Егер бір науқас анықталса, онда сынып түгелдей онлайн оқуға көшеді", – деп қосты Бекшин.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: