Су тасқыны кезінде Қазақстанның үш өңіріндегі жайлы мектептердің құрылыс алаңын су басып қалған. Бұл туралы бірыңғай оператор Samruk-Kazyna Construction АҚ хабарлады. 

Су басқан мектептер:

  • Атырау облысы: Құлсары қаласындағы 1200 орынға арналған мектеп;
  • Батыс Қазақстан облысы: Пугачев ауылындағы 300 орындық мектеп;
  • Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қаласындағы 600 орындық мектеп. 

Бұл алаңдарда құрылыс жұмыстарының тоқтауына байланысты мердігер ұйымдар судан зардап шеккен өңірлерге тартылған. 


Оқи отырыңыз: Роман Скляр СҚО-дағы Заречный кентінің тұрғындарын шұғыл эвакуациялауды тапсырды


"Каспий Құрылыс ЛТД" және "Каспийская Кадровая Ассоциация" серіктестіктері қазір Атырау облысында ұзындығы 6 шақырымды құрайтын бөгетті тұрғызуда. "БатысСтройСервис-Атырау" ЖШС де қолданыстағы бөгеттерді нығайтуға және жаңаларын салуға жұмылдырылды. ауылында салынып жатқан 300 орындық мектеп суға кетті, басқа учаскелердегі жұмыс қарқыны төмендеді. Компаниялар тасқын қаупі жоғары аудандарға аттанып, жағаны бекіту бойынша бөгеттерді тұрғызып жатыр", – делінген бірыңғай оператордың хабарламасында. 

Жайлы мектептердің құрылысы табиғи апат бойынша ахуал тұрақталғаннан кейін жалғасын табады.