Отандық FlyArystan әуе компаниясы Грузияның Кутаиси және Қытайдың Үрімжі қалаларына екі күндік жеңілдіктер акциясын жариялады. 

Билетті 24-25 қараша күндері сатып алуға болады, ал сапар уақыты 2025 жылғы 1 желтоқсаннан 2026 жылғы 15 наурызға дейінгі аралықты құрайды. 

Жеңілдікке ие бағыттар бойынша билет құны:

  • Астана – Кутаиси – 36 351 теңгеден, кері бағытта – 36 286 теңгеден;
  • Алматы – Кутаиси – 38 707 теңгеден, кері бағытта – 36 286 теңгеден;
  • Ақтау – Кутаиси – 26 292 теңгеден, кері бағытта – 26 555 теңгеден; 
  • Атырау – Кутаиси – 28 868 теңгеден, кері бағытта – 26 555 теңгеден;
  • Астана – Үрімжі – 39 519 теңгеден, кері бағытта – 33 817 теңгеден басталады. 

Әуе компаниясы билеттер саны шектеулі екенін ескертті.