Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі биыл әскери міндетті 150 адамды 30 күндік әскери жиындарға шақыруды жоспарлап отыр. ҰҚК төрағасы бұйрығының жобасы Ашық НҚА порталында 13 сәуірге дейін қоғамдық талқы үшін жарияланды. 

Әскери жиындарға шақырылғандар ҰҚК шекара қызметінің Алматы және Түркістан облыстарындағы департаменттерінде (әрбірінде 75 адамнан) әскери білім және машықтарын үйренеді. 

Еске салайық, бұған дейін Қорғаныс министрлігі 2023 жылы Қазақстанда 1500 адам әскери жиындарға шақырылатынын хабарлаған болатын. 


Оқи отырыңыз: