ҰҚК: Қазан айында ел бойынша 40 қару мен 800 оқ-дәрі тәркіленді
ҰҚК мен полиция заңсыз қару айналымын тоқтатты.
Биыл тек қазан айының өзінде полиция органдары 40 бірлік қару-жарақ пен 800-ден астам оқ-дәріні тәркіледі, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Ведомствоның мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларында, сонымен қатар тоғыз облыс аумағында қарудың заңсыз айналымын тоқтату мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген.
"Нәтижесінде жаяу әскерлік отшашар, төрт Калашников автоматы, он екі тапанша, жиырма үш мылтық, бес граната және оқ-дәрілер тәркіленді. Қазіргі таңда бұл деректер бойынша жедел тергеу амалдары жүріп жатыр", – делінген хабарламада.