ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді
Іс апелляциялық сотқа әлі жеткен жоқ.Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлады Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың баспасөз қызметі.
"Апелляциялық шағым түсірді. Бірақ іс апелляциялық сотқа әлі келіп түскен жоқ. Іс "аса құпия" режимде қаралғандықтан, басқа мәліметтер жария етілмейді", – деді қалалық сот.
Сәуір айының соңында елордалық сот Кәрім Мәсімовті "мемлекетке опасыздық жасады", "билікті күшпен басып алмақ болды", "қызметін асыра пайдаланды" деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырды.
Оқи отырыңыз: ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды