2023 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы ҰҚК академиясының жатақханасында үшінші оқу жылы курсантының денесі табылды. Өлімнің себебі – өзін-өзі өлтіру, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

"Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Марқұмның отбасы мүшелеріне қажетті қолдау көрсетілуде", – деп жазылған хабарламада.