Құрылып жатқан Ұлытау облысы тұрғындарының жалақысына 20% үстемеақы қосып, он күн қосымша демалыс беру қажет, деп мәлімдеді парламент мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан. 

"Ұлытау облысы кұрылып, өңірді дамыту бағдарламасын дайындағанда, көш-қон бағдарламасының олқылықтарын ескеріп, жетілдіру керек. Өңірге көшіп келушілерге және инвесторларға тартымдылығын арттыру мақсатында өңірлерді дамытуға бағытталған бағдарламалардың толыққанды, нәтижелі жұмыс жасауын қамтамасыз ету маңызды. Ұлытау өңірінің Арал экологиялық апаты және Байқоңыр космодромының зардабын тартып отырғаны белгілі. Осыған байланысты арнайы бағдарлама қабылдауды ұсынамын. Бағдарламада жалақыға 20% үстемеақы, ақы төленетін демалыс уақытына қосымша 10 күн қарастыру қажет", – деді Құдайберген Ержан. 

Ары қарай ол елді мекендердің ара-қатынасын жақсарту мақсатында көлік жолдарын қысқа уақытта жөндеу қажеттілігін атап өтті. 


Оқи отырыңыз: 


"Жаңа құрылған Ұлытау облысында территориялық даму, тұрақты адам орналастырумен айналысу өте маңызды. Сондықтан облысқа адамдарды тұрақтандырудың бағдарламасы қажет", – деді Құдайберген Ержан.