Ұлытау облысында бір күн жанған өрт өшірілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми парақшасы хабарлады.  

"31 шілде сағат 06:15-те өрт сөндірілді. Өрт аумағы 1500 гектар болды", – делінген хабарламада. 

Өртті сөндіруге Ұлытау облысы ТЖД және ТЖД күштері мен құралдары 45-ке жуық адам мен 12-ден астам техника жұмылдырылды. 

Айта кетейік, 30 шілдеде Жаңаарқа ауданының Кенжебайсамай ауылынан 45 шақырым жерде құрғақ шөп жанды. Елді мекенге қауіп-қатер төнген жоқ.