"Ұлына 3 миллион теңге қарыз болған". Абай облысында әйел бас бостандығынан айырылды
Ол төрт жыл бойы алимент төлемеген.Абай облысында баласына алимент төлемеген әйел бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Полиция департаменті.
ІІМ мәліметінше, Риддердің 31 жастағы тұрғыны сот үкімімен бір жылға бас бостандығынан айырылды. Ол төрт жыл бойы алимент төлемеген және ұлына шамамен 3 миллион теңге қарыз болған.
Сотталған әйел пробация қызметінің берілген жазасын өтеуден жалтарып, есеп беруге келмей, тексеру кезінде тұрғылықты жері бойынша үйінде болмаған.
Оқи отырыңыз: "170 миллион теңге". Астанада мемлекеттік компанияның басшысы пара алғаны үшін сотталды
"Күйеуім екеуміз алкогольдік ішімдікке құмар болдық, сол үшін бізді ата-ана құқығынан айырды және пробация қызметінде есепте тұрғанда алимент төлеуге бізді сот шешімімен міндеттеді, істің бұлай насырға шабатынын, аяғы осындай болып кететінін түсінбедім, мен бұл үшін ештеңе болмайды деп ойлап, сот шешімін елемедім. Қазір менің ұлым 12 жаста, мен ол үшін жақсы ана болмағаныма өкінемін, оның алдында өзімді кінәлі сезінемін, ол мені кешіреді деп үміттенемін", – деді сотталған әйел.