"Ұлы дала жорығы": Астана шабандозы рекорд жасады
Астаналық шабандоз Сайын Нұрдәулет "Көкжал" атымен 1300 шақырымды еңсеріп, Гиннесс рекордтар кітабына енді.Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, күні кеше басталған "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің нәтижесі бойынша құрама командалардан бөлек, жеке есепте сайысқа түскен шабандоздардың арасында үздіктер анықталды.
Астаналық шабандоз Сайын Нұрдәулет өзінің "Көкжал" атымен 1300 шақырымды еңсеріп, Гиннесс рекордтар кітабына үшінші болып енді.
Командалық есеп бойынша астаналық құрама жарысты 5 жылқымен бастап, 12 кезеңде тек 2 жылқы ғана қалды.
Оқи отырыңыз: Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді.
Жарыс ережесіне бойынша, команда тек 3 атпен ғана жарысты жалғастыра алады. Осыған сәйкес, қалған екі шабандоздың нәтижесі жекелей есепте қаралатын болады.
Жарыстың марапаттау рәсімі бүгін сағат 18:00-де Түркістан қаласында өтеді.