Ұлттық табиғи парктердің аумағына кіру үшін көлік жүргізушісі енді қанша төлейді?
Жаңа өзгерістерге сәйкес, парктер аумағына кіретін көлік үшін енді ақы алынады.Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумағына кіру үшін алынатын төлем сомасы өзгерді. Бұл төлем ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін есептеледі, деп мәлімдеді экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев.
Салық кодексінің 591-бабына өзгеріс енгізіліп, табиғи парктер аумағына кіру құны келесідегідей өзгерді:
- жаяу жүргінші – 0,1 АЕК (бұрыннан осылай);
- мотоцикл, мопед, квадроциклдер – 0,2 АЕК;
- жеңіл автомобильдер – 0,3 АЕК;
- 16 орынға дейінгі шағын автобустар мен жүк автомобильдері – 1,0 АЕК;
- 32 орынға дейінгі автобустар – 2,0 АЕК;
- 32 орыннан жоғары автобустар – 3,0 АЕК.
Аталған өзгеріс 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Оқи отырыңыз: Виена Камарота: Орталық Азия елдеріне саяхат қауіпсіз екенін әлем білгенін қалаймын
"Көлік құралдарына арналған құн автокөліктің әрбір түріндегі жолаушылардың орташа санын ескере отырып белгіленді. Төлемақы жинаудың ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында МҰТП бақылау-өткізу пункттерін өз қаражаты есебінен автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда kaspi.kz, homebank қосымшалары арқылы билет сатып алуға болады. Тарифтерді өзгерту "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" ҚР Заңының 38-бабына сәйкес келтіру мақсатында жүргізіледі. Өйткені автокөлік адамға қарағанда қоршаған ортаға көп зиян келтіреді (шу, ауаның газдануы, зиянды химиялық заттар шығарады). Сонымен қатар бұл нормалар адамдардың жаяу туризмге көшуін ынталандыруға ықпал етеді деп санаймыз", – деді Нұркен Шәрбиев.