Қазақстанда "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын пайдалану мерзімін 2032 жылдан 2048 жылға дейін ұзарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды.

Ұзартуға басты себеп – Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауытты іске қосу бастамасы болып отыр. Бұл жоба бойынша биыл нақты шешім қабылдануы тиіс.

"Полиэтилен өндіру зауытын іске асыру жобасы бойынша 2024 жылғы маусымда СИБУР (Ресей Федерациясы), Sinopec (Қытай Халық Республикасы) шетелдік инвесторларымен құрылыс кезеңіне көшу туралы түпкілікті инвестициялық шешім қабылданады деп күтілуде, инвесторлардың талаптарының бірі – "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" АЭА мерзімін 2048 жылдың соңына дейін ұзарту" делінген қаулы жобасында.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 15 наурызға дейін.


Оқи отырыңыз: Строительство завода по производству полиэтилена рядом с Тенгизом обсудил глава КМГ с китайской стороной