Қазақстан Кітапханалар одағы мен Қазақстан Жазушылар одағы Ұлттық кітапхананың 115 жылдығына орай "Жүлгесі үзілмеген 115 жыл" республикалық ақындар мүшәйрасы өтеді. Оған ұсынылған үздік туындылар арнайы жинаққа енеді. 

Мүшәйраның басты мақсаты – ұлттың руханиятын, кітап оқу мәдениетін және қазақ поэзиясын насихаттау арқылы қоғамның әдеби-мәдени өмірін жандандыру. 

Ереже бойынша, мүшәйраға Қазақстанның кез-келген ақыны қатыса алады. Бірақ, бір бағыт бойынша бір ғана өлең қабылданады. Сондай-ақ, шығарма көлемі қатысты қатаң шарт қойылмағанымен, ол қазақ тілінде жазылуы тиіс. 

Мүшәйра бағыттары: 

  • "Ұлттық кітапхана – мәңгілік қазына"; 
  • "Кітапханашы – рух шырақшысы". 

Шығармалар 15 желтоқсанға дейін қабылданады. Жалпы жүлде қоры – 1 миллион теңге.