Ұлттық банк азаматтардың табысын ресми растаған жағдайда ғана несие беруді көздейтін заң жобасын дайындады. Бұл туралы депутаттық сауалға жауап берген Орталық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

"Қарыз алушының төлем қабілеттілігін және оның қарыздық жүктеме коэффициентін есептеу кезіндегі кірісті бағалаудың қолданыстағы тәртібі, біздің ойымызша, қайта қарауды талап етеді. Қазіргі анықтамада қарыз алушының кірісі тек ресми расталған кіріспен ғана шектелмейді. Коэффициентті есептеу кезінде ерекшеліктерді, коэффициентті есептеу кезінде қолданылатын кірістер тізбесін және қарыз алушы несиенің кез келген түріне жүгінген кезде коэффициентті есептеуді қайта қарау қажет", – деді Сүлейменов.

Ұлттық банк қарыздық жүктеме коэффициентін ресми расталған кіріс бойынша есептеуді ұсынып отыр. Орталық банк сарапшыларының пікірінше, бұл қазақстандықтардың қарыздық жүктемесін азайтумен қатар, азаматтарды тұрақты жалақысы бар кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға ынталандырады.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар eGov арқылы өз атынан несие алуға шектеу қоя алады


20 қазанда парламенттік тыңдауда Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха банктік және шағын несие ұйымдары несие беру кезінде қарыз алушылардың нақты табысы мен әлеуметтік жағдайына мән беруді тоқтатқанын атап өтті. Олбанктер алданған әйелге 150 мың теңге зейнетақымен айына 350 мың несие төлеуге міндеттеген жағдай туралы мысалды келтірді.