Жаңа Салық кодексінің жобасында 40 миллион теңге деңгейінде қосымша құн салығын төлеу шегі көзделген, деп хабарлады Ұлттық экономика министрі, премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин. 

"40 миллион теңге – бұл үкімет пен депутаттардың сындарлы ұстанымы арқылы қол жеткізген компаның жемісі. Бірақ осы орайда біз 160 мың жаңа салық төлеушіні жоғалтып жатырмыз және бюджетке ҚҚС-нан 400 миллиард теңгеге жуық қосымша түсім алмаймыз" – деді Серік Жұманғарин мәжіліс отырысында. 

Бүгін, мәжілісте Салық кодексінің жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр.