Үкімет басшысы экономиканың өсуіне кедергі келтіру мүмкін факторларды атады
Олжас Бектенов Үкімет бар резервтер мен күштерді жұмылдырып, белсенді жұмыс атқарып жатқанын айтты.Парламент палаталарының бірлескен отырысында премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың өсуіне кедергі келтіру мүмкін факторларды атады.
"Мемлекет басшысы 2029 жылға қарай экономиканы екі есе арттыру міндетін қойғанын білеміз. Бұл үшін экономикамыз кемінде жылына 6 пайыз өсу керек. Алайда Қазақстанның жалпы өнімінің нақты орташа жылдық өсуінің қарқыны 4-5 пайыздан аспайды. Экономиканың белгіленген өсу қарқынына қол жеткізу үшін қандай шаралар қабылданады?" – деп сұрады депутат Нұртай Сабильянов.
Оның айтуынша, экономиканың өсуіне сыртқы факторлар көбірек әсер етуі мүмкін.
"Расында да мемлекет басшысы қойған міндет өте ауқымды. Осындай өсу қарқынына жетуге бірнеше фактор кедергі болуы мүмкін. Ол – күрделі геосаяси жағдай, негізгі сауда серіктестеріміздің экономикаларындағы ахуал және тағы басқалар", – деді үкімет басшысы.