Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн 43 градусқа дейін ыстық болып, кей жерлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

"Алдағы күндері елдің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Найзағай, бұршақ жауып, жел соғады. Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады", – делінген хабарламада. 

Батыста, 9-10 шілдеде солтүстік-батыста, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында күн +43 градус болады. 


Оқи отырыңыз: Фермерлік жылыжайларды субсидиялау тәртібі белгілі болды


Мұнымен қатар министрлік азаматтық қорғау органдарының кезекші қызметтері жоғары дайындық режиміне ауыстырылғанын хабарлады.