Түркияға баратындар назарына: IMEI кодын тіркеу 45 пайызға қымбаттады
Түркияда биылғы 1 қаңтардан бастап шетелден әкелінген смартфондардың IMEI кодын тіркеу қызметі бірден 45 пайызға қымбаттады. Сәйкесінше, Түркияға барған қазақстандықтар енді смартфонын тіркеуге қою үшін шамамен 700 мың теңгеден астам (!) қаржы төлеу қажет.
Айта кетейік, Түркияда шетелдік смартфонды қолдануға қатысты талап бұрыннан қатал. Заң бойынша, тіркеусіз смартфонды Түркияда тек 120 күн ғана қолдануға рұқсат. Бұл уақытта тіркелмеген мобильді құрылғы Түркияның мобильді желілерін қолданудан бұғатталады.
Түркияда смартфонды тіркеу үшін банк немесе салық органдарында төлем жасап, e-Devlet мемлекеттік порталында тіркелу қажет.
Төлемақы 2024 жылы 1050 доллар шамасында болса, биыл 45 пайызға қымбаттап, 1520 долларды құрады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 3,7 млн смартфонның Imei коды қайталанады. Олар елге заңсыз жолмен әкелінген