Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды. Екінші кезеңде қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған өзінің қарсыласы, оппозициялық Республикалық халық партиясының жетекшісі Кемал Киличдароғлумен кездеседі.

14 мамырда өткен бірінші турда үміткерлердің ешқайсысы жеңіске жету үшін қажетті 50 пайыз дауыс жинай алмаған еді. Ол кезде Ердоған – 49,5 пайыз, Кылычдароғлу – 44,89 пайыз дауыс жинаған.

Екі үміткер де сайлауда жеңіске жететініне сенімді. Сауалнама деректері Ердоған мен Кылычдароғлуның президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жету мүмкіндігінің тең екенін көрсетті.

Режеп Тайып Ердоған сайлаудың бірінші кезеңінен кейін командасы мен риторикасын өзгерткен жоқ, тек қарсыласына сынды күшейтті. Кемал Кылычдароғлу болса, науқанның штаб-пәтерін толығымен дерлік өзгертіп, екі аптаның ішінде имиджін түбегейлі өзгертуге тырысты. Ол үйдегі бейне хабарламалардан қатал риторикаға көшті.

Ердоған елді 2014 жылдан бері басқарып келеді.