Түркістанның жаңа әкімі болып Әзімбек Пазылбекұлы тағайындалды
Жаңа әкімді қаланың активіне облыс әкімі Дархан Сатыбалды таныстырды.Түркістанның жаңа әкімі болып Әзімбек Пазылбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігі.
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан әкімі лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.
Жаңа әкімді қаланың активіне облыс әкімі Дархан Сатыбалды таныстырды.
"Қалалық мәслихат депутаттары қала әкімі лауазымына ұсынылған Әзімбек Пазылбекұлының кандидатурасын қолдап, дауыс берді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шаһардың жаңа басшысына Түркістан қаласын дамыту, Түркі әлемінің орталығына айналдыру, туристік және экономикалық әлеуетін көтеру бағытында маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі", – делінген хабарламада.
Әзімбек Пазылбекұлы 1991 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетін және "Болашақ" университетін бітірген.
Мамандықтары – мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, құрылыс, құқықтану.