Түркістан облысында ҰҚК есірткі өндіретін зертхананы анықтады
Есірткі құралдарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі жергілікті тұрғын ұсталған.Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертхана қызметі анықталды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
11 шілдеде ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертхана қызметін тоқтатты.
"Есірткі құралдарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі жергілікті тұрғын ұсталған. 60 келіден астам психотроптық зат және 2,5 тонна прекурсорлар, сонымен қатар "синтетика" дайындауға арналған жабдықтар алынды", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Синтетикалық есірткімен күрес: Алматыда жарнама жасырылған үш мыңнан астам граффити жойылды
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр (көрсетілген қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған).
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.