Түркістан облысында қант бағасы 30 пайыз қымбаттады
Ең төмен баға Алматы қаласында: бір жылғы өсім – 7,2%.2022 жылдың ақпан айында Қазақстан дүкендерінде қант орташа есеппен 296 теңгеден сатылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,7% қымбат, деп хабарлайды energyprom.kz сайты.
Қантқа ең жоғары баға Түркістан облысында тіркелді: бір жылда бірден 29,8% өсті. Антилидерлер үштігіне Қостанай (23,4%) және Атырау (21%) облыстары кірді. Ең төмен баға Алматы қаласында болды: бір жылда "тек" 7,2% өскен.
Сондай-ақ, қанттың келісі:
- Атырауда – 337 теңге;
- Нұр-Сұлтанда – 319 теңге;
- Түркістанда – 317 теңге болды.
Ал ең арзан баға келесі қалаларды тіркелді:
- Тараз – 248 теңге;
- Алматы – 273 теңге;
- Талдықорғанда – 275 теңге.
Ресми мәлімет бойынша, осы жылдың қаңтар айында 17 мың тонна қант өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,7% аз. Басқа өңірлерге қарағанда Жамбыл облысы қантты көбірек өндірді: 13,7 мың тонна, бір жылда 21,9% азайған. Ал Қазақстан бойынша өндіріс үлесі 81%-ды құрады, өткен жылы 76% болған еді.
Оқи отырыңыз:
- Қант бағасын көтергендерге табысының 3-5% мөлшерінде айыппұл салынады
- Табиғи қант алмастырғыш. Отандық ғалымдар стевияны жаппай көбейту технологиясын әзірледі
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өндіріс көлемі 276,9 мың тоннаға жетті. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 58% көп.
2021 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша, жергілікті компаниялар қантқа сұраныстың 42,1%-ын орындады. Оның алдындағы жылы бұл көрсеткіш 25,1% болған еді. Импорт көлемі өз кезегінде 74,9%-дан 57,9%-ға дейін азайды. Елге сырттан 308,5 мың тонна қант әкелінді, оның алдындағы жылмен салыстырғанда 25,8% аз.
2012-2021 жылдары импортёрлер сұраныстың 20%-75%-ын қамтыды. Импорттың ең көп үлесі 2020 жылы, ал ең аз үлесі 2016 жылы тіркелді. Қазақстанда нарықты қантпен қамтамасыз ету деңгейі тұрақсыз болып келеді.
ТМД елдерінен Қазақстан 311,6 мың тонна қант әкелді. Алдындағы жылмен салыстырғанда 25,8% аз. Қазақстан негізінен қантты Ресейден әкеледі: 275,9 мың тонна. Бұл – импорттың жалпы көлемінің 55%-ы. Бір жыл ішінде көрсеткіш 12,7% төмендеді.
Ал ТМД құрамына кірмейтін елдерден Қазақстан 195,3 мың тонна қант әкелді. Өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп. Негізінен Бразилиядан 164,6 мың тонна қант әкелінді, бір жылда көрсеткіш 2,3 есе өскен.