Түркістан облысында білім саласында жымқырылған 1,5 миллиард теңге қайтарылды
Жеті қылмыстық істің бесеуімен процеске қатысушы тұлғалар танысып жатыр.Түркістан облысының білім саласынан жымқырылған 1,5 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы облыстық Прокуратураның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Облыста білім саласының 123 қызметкеріне қатысты жеті қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.
"Оның ішінде бес іспен процеске қатысушы тұлғалар танысып жатыр, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты екі іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді. Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 миллиард теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 миллиард теңге мүліктеріне тыйым салынды", – делінген хабарламада.