Turkish Airlines әуе компаниясы енді Türkiye Hava Yollari деп аталады, деп хабарлады Egemen сайты Sozgü басылымына сілтеме жасап.

"Осы сәттен бастап біз ұшақтарымыздың фюзеляждарында Turkish Airlines орнына Türkiye Hava Yolları деп жазамыз", – деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Ердоған бұл шешім мемлекеттік деңгейде ел атауының Turkey-ден Türkiye-ге ресми өзгеруіне байланысты қабылданғанын айтты. Мамырдың соңында Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу бұл туралы БҰҰ Бас хатшысына хабарлады.

Ал 1 маусымда бұл жаңалық күшіне енген болатын.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазақстан мен Түркия – тамырлас, бауырлас, достас мемлекеттер