Тұңғыш президент күні: Назарбаевтың жаңа туындысы жарық көрді
Қазақстанның тұңғыш президенті өзінің жаңа туындысын «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» деп атады.1 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың "Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа" атты мемуарлық туындысы жарық көрді. Бұл туралы Назарбаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
Тұңғыш президенттің ресми сайтында "Меломан" және "АлматыКітап" дүкендер желісінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа" атты естелік кітабы сатылымға шыққаны жазылды.
"Бұл кітап оқырманды тәуелсіз Қазақстанның тарихына жаңа қырынан үңілуге, азаттықтың алғашқы жылдарында ел тізгінін ұстаған тұлғаның көзімен қарауға жетелейді. Автор тікелей бел ортасында болған тарихи оқиғалар көрініс тапқан туындыда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өмір жолымен қатар, еліміздің қалыптасуы және даму кезеңдері туралы естеліктерімен бөлісті. Аса маңызды саяси оқиғалар, ауқымды экономикалық жаңғырулар, күрделі халықаралық келіссөздер, ел басқарған кезде қабылдаған стратегиялық шешімдер туралы баяндады", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев қоры Костенко шахтасында қаза тапқандардың отбасыларына 50 миллион теңге бөлді
Жеке сырын ағынан жарылып айтуы, қаңтар оқиғасына қатысты пайымдауларын ортаға салуы тұңғыш президенттің бұл кітабының салмағын арттыра түседі.
"Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа" – халқының азаттық туралы сан ғасырлық асыл мұратын ақиқатқа айналдырған көшбасшының жан сыры.