Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айтты", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, Ресейдің Амур облысында Хабаровск – Благовещенск – Тында бағыты бойынша ұшқан Ан-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 49 адам болған: 43 жолаушы, оның ішінде бес бала және алты экипаж мүшесі.