Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форум аясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев басқа да мемлекеттер басшыларымен бірге Бейтараптық монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Бұл кешен Түрікменстанның бейбітшілік пен жасампаздық ұстанымына бейіл екенін көрсетеді.