Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорда.

"22 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Еске салайық, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ұсынысы бойынша құрылған Бейбітшілік кеңесіне қосылуға ресми шақыру алған алғашқы әлемдік көшбасшылардың бірі болды. 

АҚШ-тың Газа секторына қатысты жоспары аясында ұсынылған Бейбітшілік кеңесі аймақты уақытша халықаралық басқаруға алып, оны қалпына келтіру процесін бақылауды көздейді.