Тоқаев Румыния президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады
Ол президент сайлауында жеңіске жеткен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Румыния президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.
"Бұл жеңісіңіз – халқыңыздың сізге және Румынияның дамуын баянды етуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға көрсеткен қолдауы мен сенімінің айқын дәлелі деп білемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Астана мен Бухарест арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор", – делінген жеделхатта.