Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Ош облысы Нооқат ауданында сел жүру салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Қазақстан тату көршілік және өзара қолдау рухында табиғат апаты болған елді мекенге гуманитарлық көмек жіберді. Қажет болған жағдайда, бауырлас Қырғызстанға жәрдем беруге әзірміз", – деп жазылған жеделхатта.


Оқи отырыңыз: Қазақстандық құтқарушылар жерлестерін эвакуациялау үшін Қырғызстанға келді