Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін ауыстырды
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың ақпаратына сүйенсек, президент жарлығына сай:
Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.