Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Конго елінің президентін қарсы алды
Ақордада ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Конго Демократиялық Республикасының президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Осыдан соң Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.