Тоқаев Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығаятынын мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңге туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Құттықтау хатында Президент Корея Республикасының Қазақстан үшін Азия өңіріндегі сенімді әрі маңызды серіктес екенін атап өтті. Сонымен қатар екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін айтып, оны одан әрі нығайтуға айрықша мән берілетінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңмен бірлесе отырып, Қазақстан мен Корея арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін де растады.
Оқи отырыңыз: Ғалымдар аса қауіпті ми ісігін емдеудің қарапайым жолын тапты
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Корея Президентіне аса жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табыс тілеп, достас Корея халқына құт-береке мен өсіп-өркендеу тіледі.