Қазақстан Республикасының президенті Қасым–Жомарт Тоқаев "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру қауіп-қатеріне баға беретін халықаралық орталықты құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Аталған құжат халықаралық деңгейде қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған.

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.