Тоқаев Моңғолия президентін Наадам мерекесімен құттықтады
Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптейтін тарихы терең бұл мейрамда Моңғолия халқының береке-бірлігі арта беруіне тілектестік білдірді.
Сонымен қатар достас екі ел арасында қалыптасқан өзара құрмет пен стратегиялық серіктестік ортақ игілік үшін одан әрі беки түсетініне кәміл сенетінін жеткізді.