Тоқаев Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент жеделхатында екі ел ынтымақтастығы оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің ұлттық мейрамы – Таққа отырған күнімен құттықтады.
Президент жеделхатында екі ел ынтымақтастығы оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтіп, жан-жақты серіктестікті кеңейту жолында тараптардың күш-жігер жұмылдыра беретініне сенім білдірді.