Бүгін, 30 желтоқсан күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", – делінген хабарламада.