Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссия (Конституциялық комиссия) құру туралы жарлыққа қол қойды. 

Конституциялық комиссия төрағасы болып Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова бекітілді. Оның орынбасарлары: 

  • Ерлан Қарин – Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі;
  • Аида Балаева ‒ Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі

Комиссия хатшысы – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі Айдар Жарылғанов. 

Комиссияның міндеті – Конституциялық реформа бойынша ұсыныстар тұжырымдау.