Тоқаев Ғалымжан Пірматовты Ұлттық банк басшысы қызметінен босатты
Ол бұл қызметті 2022 жылғы 3 ақпаннан бері атқарған болатын.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ғалымжан Пірматов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы қызметінен босады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды", – делінген Ақорда хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірқатар жаңа министрлер тағайындалды