Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті жолдауы биыл 8 қыркүйекте өтетін болды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды", – деп хабарлайды Руслан Желдібай.

Айта кетейік, бұған дейін Ақорда мемлекет басшысының Қытайға сапарлайтынын хабарлаған еді.