Елде салық жүйесін бақылауды толықтай цифрландыруымыз қажет, деп мәлімдеді президент Қасым-Жомарт Тоқаев. 

"Экономикалық даму салық саясатымен тікелей байланысты екені түсінікті. Фискалдық реттеуді жолға қою үшін 2023 жылы жаңа салық кодексі әзірленеді.  Оның ең проблемалық блогы – салықты басқаруды толығымен жаңарту", – деді мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ, ол салықты бақылауды толық цифрландыру қажеттігін атап өтті. 


Оқи отырыңыз: Мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізіледі 


 

"Салық реформасы аясында "сән-салтанат салығын" енгізу мүмкіндігін қарастыру маңызды. Ол қымбат жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын сатып алған кезде алынады және орта тапқа әсер етпейді", – деп қосты Тоқаев.