Тоқаев 11-12 қарашада Ресейге мемлекеттік сапармен барады
Сапар аясында маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.
"Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр", – делінген Ақорданың хабарламасында.