Жүзуден олимпиада чемпионы америкалық Кэти Ледеки жаһандық жарыста жеңіп алған алтындары үшін 44 мың доллар салық төлейді, деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ледеки Токио олимпиадасында 4 алтын медаль ұтып, алтыншы рет олимп шыңын бағындырды. Спортшыға 37 мың 500 доллар беріледі. 

Кэти бас-аяғы осы додада жеке демеушілерді қоспағанда 280 мың доллар табыс тапқан. Енді олимпиадада топ жарған спортшы 44 мың доллар салық төлеуге міндетті.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: