Төтенше жағдайлар қызметі дауылға байланысты ескерту жасады
Бірқатар автожолдардың бөліктері жабылады.2-4 қаңтар аралығында ауа-райының нашарлауына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескертулер жарияланды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Сондай-ақ Ақмола, Абай және Жетісу облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде және облыстық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
ТЖМ дауылды ескерту кезеңінде алыс сапарларға шықпауға, алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуға кеңес береді.