Жыл бойы агенттік кеңеске қатысушы елдердің құзыретті органдарымен және ТМД-ның Атқарушы комитетімен бірлесіп, 2008 жылы әзірленген ТМД-ға мүше мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісім жобасын мемлекетішілік және мемлекетаралық келісу бойынша үлкен жұмыс жүргізді, ол бойынша консенсусқа және өзара қолайлы редакцияға қол жеткізілді.

Келісімнің қолданылуы құқық бұзушылықтармен күресте ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында келісілген саясатты әзірлеуге және жүргізуге ықпал ететін болады, атап айтқанда:

  • сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетілетін;
  • сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша үйлестірілген және келісілген жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар жүргізілетін;
  • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды іздестіру, ұстау және ұстап беру, сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді қайтару саласында ынтымақтастықты жүзеге асырылатын;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық жүйелер құрылатын және пайдаланылатын;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық стратегиялары, бағдарламалары мен жоспарлары әзірленетін;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен алмасу жүзеге асырылатын;
  • кадрлардың біліктілігі арттырылатын және тағы басқа жүзеге асырылатын болады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев: Сыбайлас жемқорлықпен күрес – менің стратегиялық мақсатым


Кеңес отырысында тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қатысушы мемлекеттердің тәжірибесін қарады, сондай-ақ заңсыз баю және сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру туралы қылмыстарды тергеу кезінде халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.