TikTok Қазақстандағы үздік мұғалімдерді марапаттады
TikTok платформасы ұйымдастыратын "Қазақстан мұғалімдері" байқауының 2025 жылғы қорытындысы жарияланды.
Төртінші рет өткен бастама Қазақстанның барлық өңірінен мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары мен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушыларын біріктірді.
Төрт жыл ішінде "Қазақстан мұғалімдері" жобасы аясында TikTok-та қазақ және орыс тілдерінде шамамен 100 мыңға жуық танымдық бейнеролик жарияланған. Бұл контент миллиондаған көрерменге күрделі тақырыптарды қысқа, түсінікті әрі қызық форматта жеткізуге мүмкіндік берді.
2025 жылғы байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған педагогтар:
- Мирлан Джусамбаев (@physicsphenom) — Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі. Ол күрделі физикалық құбылыстарды тәжірибе мен визуал арқылы түсіндіріп, "TikTok-та үйрен" номинациясының жеңімпазы атанды.
- Мәди Райымбек (@raiymbek.math) — Шымкент қаласындағы №25 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі. Ол логикалық есептерді қазақ тілінде қарапайым тілмен түсіндіріп, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға үлес қосып келеді.
- Әсем Рахимова (@rakhimovaassem) — Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәні мұғалімі. Ол химияны музыкалық әрі креативті форматта түсіндіріп, пәнді оқушылар үшін жеңіл әрі қызық етіп жатыр.
Байқау жеңімпаздары сапалы білім беру контентін жасаудағы еңбегі үшін iPhone 17 смартфондарымен марапатталды.